Қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінен квадрокоптердің ұшырылу себебі анықталуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінде заңсыз ұшқан квадрокоптер фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Режимдік нысандар, яғни министрлік, әскери білімдер аумағында осындай рұқсат етілмеген іс-қимылдарға тыйым салынған. Сәйкесінше, оларға тосқауыл қойылады және ондай аппараттардың ұшуына жол берілмейді. Ал осындай қадамға барғандарға қатысты қазіргі кезде тиісті органдар тексеру амалдарын жүргізіп жатыр», - деді Т. Мұхтаров Парламент Мәжілісінде тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әскери полиция Қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінде заңсыз ұшып жүрген квадрокоптерді анықтады.

Жедел әрекет тобы осыған қатысты екі азаматты ұстап, қалалық Полиция департаментіне тапсырған.

Соңғы жаңалықтар