Қорғаныс министрлігі ғимараты үстінен квадрокоптер ұшырғандар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскери полиция қызметкерлері Қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінде заңсыз ұшып жүрген квадрокоптерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі нысандарының үстінен пилотсыз ұшатын аппараттардың ұшу жағдайлары көбейіп кетті. Олардың бәрі де уақтылы анықталып жатыр. Осы жылдың 31 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Әскери полиция отрядының әскери қызмекшілері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі нысанының үстінен пилотсыз ұшатын аппараттың - квадрокоптердің ұшып жүргенін анықтады», - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жедел әрекет тобы осыған қатысты екі азаматты ұстап, қалалық Полиция департаментіне тапсырған.

«Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскери нысандардың үстінен БПЛА-ның (квадрокоптер) ұшуы - Қазақстан Республикасының «ҚР әуе кеңістігін қолдану және авиация қызметі туралы» заңының 31 және 33-баптарына қайшы келетінін ескертеді. Аталған нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ол үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады», - делінген хабарламада.

Квадрокоптерді қолдану тәртібі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Соңғы жаңалықтар