Қорғаныс министрлігі геоақпараттық тұғырнаманы жасақтап шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қорғаныс министрлігі 2020 жылдан бастап арнайы мақсаттағы геоақпараттық тұғырнама жобасын шығарады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Бұл сандық картографикалық, аэроғарыштық түсірілім деректері, экономика салалары бойынша аумақтың жедел жабдықтары мен жұмылдыру ресурстарының инфрақұрылымдық мәліметтері, террористік тұрғыдан осал объектілерді төлқұжаттау жөніндегі материалдары жинақталған геокеңістік ақпарат банкі.

Платформа командирлерді барлық дәрежедегі объективті және жедел ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал жергілікті жер туралы деректерді жинау уақытын қысқарту, бағалау және әскерлерге жеткізу есебінен шешімдердің жеделдігін арттырады. Жауынгерлік іс-қимылдар кезінде бұл әскерлер үшін маңызды артықшылық.

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген жоба - сандық армия форматына көшудің қажетті шарты. Қазіргі жағдайда әлемнің көптеген елдері нақты уақыт режимінде мақсаттарды анықтайтын, ақпарат алмасуды, мақсат қоюды, бұйрық беруді жүргізуге, әскерлерді бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай басқару жүйесін «айқастың электрондық алаңын» құру бойынша белсенді жұмыс істейді.

ҚР ҚК Бас штабының геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындайтын басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдармен таныстыру жиындарын өткізді.

Соңғы жаңалықтар