Қорғаныс министрлігі ел мектептерінде өткен экологиялық сағатқа қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанда республикалық экологиялық сағат өтті. Аталмыш акцияны ҚР Қорғаныс министрлігі де қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордадағы № 68 орта білім беретін мектептің оқушылары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаевпен елордада ағаш көшеттерін отырғызды. Ол оқушыларға табиғатты аялау қажеттігін айтып өтті. Себебі денсаулығымыз, сондай-ақ еліміздің болашағы қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты.

«Әскери қызметшілер де акциядан шет қалмады. Мыңдаған офицер, сержанттар мен сарбаздар өздерінің өңірлерінде аумақты тазарту бойынша өткізілетін шараларға белсенді түрде қатысуда», - деп атап өтті Тимур Дәндібаев. Ол жас ұрпақты акцияны жалғастыруды қолдауға, қоршаған ортаны аялап, қорғауға шақырды.

Сондай-ақ экологиялық сағат аясында оқушылармен сабақ өткізіліп, онда табиғатқа саналы түрде барынша қамқорлық көрсету жайы, энергия тиімділігі мен қоқысты бөліп жинаудың қажеттігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар