Қорғаныс министрлігі дүрлікпеуді ескертті: ел аумағында жауынгерлік техника тасымалданады

None
Фото: пресс-служба Министерства обороны РК
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әскерлерді даярлау жоспары шеңберінде Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық сабақтары өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жауынгерлік техникамен марш жасап, теміржол көлігімен еліміздің әр өңіріндегі полигондарға жеткізіледі.

Полигондарда тактикалық жаттығулар мен атыстар, күндіз де, түнде де өткізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің мақсатқа сай тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауы, бөлімдердің үйлесімділігі мен қабілеті, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланады.

Осыған байланысты, азаматтардан таратылған қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.


Соңғы жаңалықтар