Қорғаныс министрлігі БҰҰ миссиясына бітімгерлер қашан жіберілетінін нақтылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Қазақстанның бітімгершілері БҰҰ миссияларында алты ай сайын ауысып тұратынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта барлық дайындық жұмыстарын аяқтап келеміз.  Жоспарымызға сәйкес, біздің ротаны аталған миссияға алдағы қараша айына дейін жібермекпіз», - деді Т. Мұхтаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында

Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ тәртібіне сәйкес, бітімгершілік операцияларына қатысушы құрамдар алты ай сайын ауысады.

«Сондықтан әрбір 6 алты ай өткенде біз ротаның жауынгерлерін ауыстырып тұрамыз», - деп нақтылады министрдің орынбасары.

Талғат Мұхтаровтың атап өтуінше, бүгінде «Қазполк» БҰҰ стандарттарымен дайындықтан өтті. «Қазполк» әскери қызметшілері ағылшын, түрік, неміс және араб тілдерін емін-еркін меңгерген. Сонымен бірге, теориялық және тәжірибелік дайындықтары түрлі байқаулар, семинарлар мен оқу-жаттығулармен шыңдалды», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 15 маусымда Парламент Президенттің 40 офицерді БҰҰ миссиясына жіберу туралы ұсынысын қолдады.

Қазақстанның 120-ға жуық әскери қызметшісі Ливандағы миссияға қатысады. 

БҰҰ миссиясында Қазақстан бітімгерлеріне төленетін еңбекақы мөлшері белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар