Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру үшін 33 мың бозбалаға іздеу жариялаған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр күзгі әскерге шақыру кезеңінде 33 мың азамат іздеуде болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтар түрлі себептер бойынша, әсіресе жұмыс бабымен өздерінің тұрғылықты жері бойынша әскери есептен шықпай кетіп жатады. Осыған байланысты былтырғы күзгі әскерге шақыру кезінде шамамен 33 мың азамат іздеуде болды. Бұлардың көбі - осындай себеппен мекенжайын ауыстырып отырған азаматтар», - деді ол.

Сонымен қатар, Руслан Тапашев қазір әскерге шақырылатын азаматтар арасында неврологиялық, ішкі ағза мен көз аурулары жиі кездесетінін атап өтті.

Еске салайық, өткен жылы 35 мыңға жуық бозбала әскер қатарына алынды.

Қоса кетейік, биыл әскери қызметке жарамды, бірақ оны өткермеген запастағы 345 офицер 4 айға әскери қызметке шақырылады.


Соңғы жаңалықтар