Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметі енгізіледі. Министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент қазақстандық армияның ең озық цифрлық технологиялармен және құралдармен жабдықтаудың маңызды екенін ескертті. Бұл мәселені шешу үшін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Әскери бағыттағы біртұтас ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын құруды тапсырды.

Мемлекет басшысы әскери құрылымдарды қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етудің бірқатар басымдығын атады. Президент әуе қорғанысын күшейту, әскер түрлерінің радоиоэлектронды күрес элементтерін дамыту, әскердің жедел әрекет ету әлеуетін көтеру мақсатында әскери-транспорттық авиация паркін арттыру бағыттарына басымдық берді.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.


Соңғы жаңалықтар