Қорғаныс министрі Жуалы және Рысқұлов гарнизондарын аралады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрі Жамбыл облысының гарнизондарын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысының Жуалы және Рысқұлов аудандарында орналасқан әскери бөлімдерді  тексерді. Мотоатқыш, танкті және барлау бөлімшелерін, сондай-ақ жекелеген бағыттарда орналасқан таулы-егерьлік полкті тексеру кезінде қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік даярлық процесін ұйымдастыру, жауынгерлік әзірліктің қажетті деңгейін ұстап тұру, қоймаларда оқ-дәрілерді сақтау тәртібі, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына ерекше назар аударды.

Дабыл бойынша көтерілген барлау бөлімшелері іс-шаралар кешенін орындады. Оның ішінде, роталар құрамында жауынгерлік техникада марш орындады және белгіленген уақытта белгіленген ауданға шоғырланды. 

Қорғаныс министрінің келу нәтижелері бойынша жауынгерлік даярлықты жетілдіру, құқық тәртібі, әскери тәртіп, сондай-ақ шалғай гарнизондарда тыныс-тіршіліктің бақылануын ұйымдастыру мәселелеріне лауазымды адамдардың назарын күшейту жөнінде нұсқаулар берді. 

Айта кету керек, Жуалы мен Рысқұлов аудандарында орналасқан гарнизондар Қорғаныс министрлігі қарамағындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына бағынышты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысында әкімшілік тұрғыда шекараландырылған. Штаб қолбасшылығы Тараз қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағыныштағы және Әуе қорғаныс күштерінің бөлімдерінен басқа шекаралық шектегі әскери бөлімдер кіреді. Бүгінгі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қарамағына 11 әскери бөлім қарайды. Өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері күнделікті қырағы қызмет атқаруда. Олардың арасында өздерінің ерліктерімен көзге түскен бейбіт күннің батырлары да баршылық. 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басты міндеті - Оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Соңғы жаңалықтар