Қорғаныс министрі мен оның орынбасарлары коронавирус екпесін алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарулы күштердің жеке құрамына екпе салу жұмысы қалай жүріп жатыр? Бұл жайлы бас әскери медицина бастығының орынбасары, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев арнайы брифингте толығырақ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылдың соңына дейін біздер әскерилерді толық вакциналауды жоспарлап отырмыз. Әрине 100 пайыз болмайды, өйткені медициналық қарама-қайшылықтар болады. Ол - бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген жүктілер, бала емізетіндер, қандай да бір аурулары бар адамдар. Әскерилер ғылыми сынақтарға, клиникалық зерттеулерге қатыспайды. Бұл халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексінде қарастырылған» деп атап өтті полковник.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желілерде тараған «әскери қызметшілерді екпе салуға мәжбүрлейді» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Бұл ақпаратты рас деуге келмейді. Өйткені әрбір әскери ортада әскери қызметші өзінің басшылары, командирлеріне еліктеу арқылы вакцинация алуға талпынады. Мысалға бөлім командирі, медицина қызметкерлері өткеннен кейін олар да екпе алып, қатардан қалмауға тырысады. Қорғаныс министрлігінде екпе салдырғандардың ең алғашқылары - Қорғаныс министрінің өзі, оның орынбасарлары, бас қолбасшылары. Әрине, медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар ғана екпе алған жоқ» деп түйіндеді Әлібек Манабаев.


Соңғы жаңалықтар