Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін мерекемен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қарулы Күштердің барлық әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы ұдайы жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейінде болып, кәсібиліктерін арттыра отырып, Отан алдындағы Конституциялық борыштарын лайықты түрде атқаруда. Жауынгерлік даярлықтың көптеген ірі ауқымды шаралары, ел басшылығы мен беделді халықаралық сарапшылардың жоғары бағасы осының айқын дәлелі. Бірнеше күн бұрын біз «Айбалта» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуын аяқтадық. Оған 8 мыңнан аса әскери қызметші, 2 мыңнан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылды. Қазақстан Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы оқу-жаттығудың белсенді фазасына қатысып, жауынгерлеріміздің шеберлігіне жоғары баға берді. Негізгі жүктеме мен жауапкершілік алаңда тәулік бойы болып, жаттығу өткізген, техниканы тізгіндеп, жауынгерлік оқ-дәрілермен нысана бойынша ату жаттығуларын өткізген командирлер мен сержанттардың, сарбаздардың мойнына артылды», - деді генерал-майор Н. Ермекбаев Қорғаныс министрлігінде өткен салтанатты шара барысында.

Ведомство басшысы анағұрлым ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге медальдар мен грамоталар табыстады. Бірқатар әскери қызметшілерге Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті әскери атақтар тапсырылды. Олардың жекелегені мерзімінен бұрын беріліп отыр.

null

Соңғы жаңалықтар