Қорғаныс министрі әскердегі сарбаз өліміне қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мерзімді әскери борышын өтеп жүргендер арасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезекте жастар өз өмірін не себепті қиып жатқанын түсіну керек. Бұған тек әскер ғана кінәлі емес. Әскерге келген жігіттің өмірі үшін жауапкершілік командирге жүктеледі. Дегенмен олар әскерге азаматтық қоғамнан келеді және бұл жастардың өздерінің проблемалары да болады», - деді Руслан Жақсылықов Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр қазіргі кезде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жауынгерлік даярлықтың бағдарламасы толықтай қайта қаралғанын атап өтті.

«Барлық сарбаздың кәсіби әрі сапа деңгейін көтеру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір тиісті эксперименттер ескерілген. Мұнымен қоса, жауынгерлік даярлық бағдарламалары аясындағы жұмыстардың қарқынын күшейту мақсатын қойдым», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Маңғыстау облысында шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды.

Айта кетейік, Президент армияда өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты комиссия құруды тапсырды.



Соңғы жаңалықтар