Қорғаныс министрі Арыста ақсақалдармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрі Арыс қаласының ақсақалдарымен және қоғам өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында тұрғындар өңірде төтенше жағдайдың салдарын жою және қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы Қорғаныс министрлігі жүргізіп жатқан шаралар туралы ақпараттандырылды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы арсеналдағы мүмкін болған себептер туралы айтып берді. Олардың арасында немқұрайлық, қасақана өртеу, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы және т.б. Арыс қаласының тұрғындары оқ-дәрілер фрагменттерін кәдеге жарату, қалған оқ-дәрілерді әкету кезіндегі қауіпсіздік шараларына қатысты көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, қаланың бірқатар аудандарында құрылыс жұмыстарын тездету туралы сауал көтерілді.

Кездесуге қатысушылар саперлар мен әскери өрт сөндірушілердің жоғары кәсібиліктерін атап өтіп, олардың жұмысына жоғары баға берді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні қалада саперлар жасағы, ұшқышсыз ұшатын аппараттар өз жұмыстарын жалғастыруда. Ұдайы әуеден барлауды жүргізуде, арсенал мен қала маңына іргелес жердің мониторингісін жүргізуде. Ал одан кейін ақпаратты жедел штабқа таратуда. Қосымша тікұшақпен ұшып өту жүзеге асырылуда. Саперлар тобы пәтерлер мен үйлерді тексеруді жалғастыруда. Әскерилер қаладан 60 км қашықтықта орналасқан полигондағы оқ-дәрілердің фрагменттерін жоюды жалғастыруда.

«Әртүрлі күмәнді заттардың табылуы мәселелері бойынша жергілікті тұрғындармен белсенді түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Үйлерді тексеру жүргізілуде...Таяу уақытта­_тергеу жұмыстары аяқталып, кінәлі адамдар анықталатын болады және заңға сәйкес­­_қатаң жауапқа тартылады. Осы оқиғаға қатысты барлық сұрақтар_менің жеке бақылауымда», - деді қорғаныс министр Нұрлан Ермекбаев.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап Қорғаныс министрлігі қалған оқ-дәрілерді әкетуді бастады.

Сонымен қатар, кездесуге Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар