Қорғаныс министрі Арыс қаласында апта сайынғы инспекция өткізді

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласында апта сайынғы инспекция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевқа аймақтағы жедел жағдай туралы, Арыс қаласының айналасындағы аумақтарды оқ-дәрілердің бөліктерінен тазарту нәтижелері, оқ-дәрілерді шығаруды және жоюды ұйымдастыру, құрама отрядтардың ротациясы, сондай-ақ әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың зардабын жою бойынша құрама жасақтың күшімен Арыс қаласы мен оған жақын орналасқан қоймалардан оқ-дәрілердің бөлшектері іздестіріліп жатыр және оқ-дәрілер шығарылып, әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Оқ-дәрілердің бөлшектері Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған орынға шығарылып жатыр. Кейін олар жойылады.

Әскери саперлер 1200 шаршы шақырым аумақты тазалап жатыр. Өткен аптада полигонда 3364 оқ-дәрі бөлшегі жойылды.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрінің тапсырмасымен құрама жасақ әскери қызметкерлерінің ротациясы жүргізілді. Олар төтенше жағдайдың салдарын жоюға бірінші болып қатысқан. Олардың орнына жеке құрам келді.

Жұмыс нәтижелері бойынша Нұрлан Ермекбаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақты әрі қарай тазартау жұмыстарын сапалы жүргізу және әскери қызметкерлердің қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдайды жедел қалпына келтіру туралы тапсырма берді. Олардың 90% Арыс қаласының тұрғындары.


Айта кетейік, жасақ әскери қызметкерлері Арыс қаласына келгеннен бастап дезинфекция, санитария, құрылыс-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар