Қорғаныс министрі Арыс қаласына келді

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 шілдеде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары кезінде генерал-майор Нұрлан Ермекбаев қала маңын айнала ұшып, арсенал мен төңіректегі аумақты түгел шолып шықты, сондай-ақ оқ-дәрі бөлшектерін жою жұмысымен танысты.

Оқиға орнында осы жұмысты атқарып жүрген инженерлік-саперлік, материалды-техникалық бөлімшелердің жеке құрамы мен әскери өрт сөндірушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқау берілді. Қорғаныс ведомствосының басшысы бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Бірінші кезекте азаматтық тұлғалардың қауіпсіздігін сақтау, екіншіден, оқ-дәріні іздеу және жою жұмысымен айналысып жатқан әскери қызметкерлердің қауіпсіздігі аса маңызды.

null

Сондай-ақ, министр ауа райының қолайсыздығына қарамастан күндіз-түні тынбай еңбектеніп жүрген ҚР Қарулы күштері бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті. Жоғары бас қолбасшы атап өткендей, төтенше жағдай салдарын жоюға атсалысқан әскерилердің еңбегі жауынгерлік тапсырманы орындаумен тең.

null

Арыс қаласына Нұрлан Ермекбаевпен бірге Қорғаныс министрлігінің бас инспекциясы да келді. Олар төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін ішкі қызметтік тексеріс жүргізеді.

null

Еске сала кетейік, бұған дейін аймақта бүтін оқ-дәріні алып кету және оқ-дәрі бөлшектерін жою жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған болатын. Бұл жұмыстар қала тұрғындарына қауіп туғызбайды.

null

Соңғы жаңалықтар