Қорғаныс министрі Арыс қаласына аттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасы жарылған Арыс қаласына аттанып кетті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев орын алған жайттың мән-жайын өзі анықтап, шаралар қабылдау үшін оқиға орнына аттанып кетті», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында сағат 9.20-да жарылыс болды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, жарылыстан зардап шеккендер жоқ.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар