Қорғаныс министрі Алматы көшелеріндегі танкілердің видеосына қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Алматы көшелеріндегі танкілердің видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше әлеуметтік желілерге тарап кеткен видеороликке қатысты істің мән-жайын түсіндіріп кетсем деймін. Видеоролик арқылы Алматы қаласында ауыр техника легі кетіп бара жатыр деген ақпарат тарады. Ақпан айының соңында Алматыдағы десанттық-штурмдық бригаданың үш танкісі полигонға барып, оқу-жаттығу жиынында жоспарлы атысты, оқуды өткізген болатын. Осы жылдың 16 наурызында елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты олар траллмен Алматыдағы дислокация аумағына қайтып оралған еді», - деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша 16 наурыздан бастап дислокация аумағынан шығарылмай, әскери даярлық шаралары тоқтатылған.

«Қазір әскери даярлық тек әскери бөлімдердің ішінде жүргізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар