Қорғалжындағы өрт бір адамның өмірін қиып кетті - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қорғалжын селосында жекеменшік үйлердің бірі отқа оранып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрт кешкі сағат 18:55 шамасында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 4 адам және өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1957 жылғы В.Конек есімді азаматтың мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар