Қорғалжында экологиялық Weekend өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символикасы» республикалық шығармашылық фестивалін ұйымдастырмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының Қорғалжын ауылындағы тұмса табиғат аясында өтетін фестиваль барысында тренингтер, шеберлік сағаттар, акциялар, спорттық турнирлер, жарқын гала-концерт өтпек.

«Шара 23-24 тамызға жоспарланған. Фестивальға 100-ден астам жас қатысады. Оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жастардың белсенді қатысуы күтілуде. Көрермен ретінде 1000-нан астам қонақ қатысады», - делінген Тұрңғыш Президент-Елбасы қорының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Фестиваль аясында «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алады. Қорытынды шара 24 тамыз күні, сенбіге жоспарланған.

Сағат 10:40-та алты байқау алаңында түрлі аталымдар бойынша шеберлік сыныптары жұмыс істей бастайды.

Сағат 11: 00-ден бастап қолөнершілер жәрмеңкесі жұмысын бастап, аудан стадионында халықтық ойындар бойынша жарыстар жалауын көтереді. Сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін спорттық туризм және рафтинг турнирі ұйымдастырлады.

«Күні бойы қорықтың аумағында экологиялық квестер ұйымдастырылып, батпырауықтар мен күйші байқауы өтеді. Сағат 19.00-де фестиваль жеңімпаздары гала-концертте марапатталып, шара қазақстандық эстрада орындаушыларының қатысуымен өтетін би кешіне ұласады», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар