Қорғалжында 12 мектептің оқушылары дәстүрлі оқыту әдісімен білім алады - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Қорғалжын ауданында 12 мектептің оқушылары дәстүрлі оқыту әдісімен білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорғалжын аудандық білім бөлімінің мәліметінше, ауданда барлығы 15 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Онда 1 887 оқушы білім алуда. 6 сәуірден бастап осы 15 мектептің 3-нің оқушылары қашықтан оқыту әдісі бойынша төртінші тоқсанның сабағын бастауға дайындалып жатыр. Ал, қалған 12-сі бұрынғы дәстүрлі түрде оқытылатын болды. Бұлар – шағын жинақталған мектептер, яғни шалғайдағы, оқушылар саны аз мектептер.

«12 мектептің қатарында Амангелді, Кеңбидайық, Шалқар, Үшсарт, Арықты, қызылту ауылдарындағы орта мектептер, Ұялы, Жұмай, Майшұқыр ауылдарындағы негізгі мектептер, Садырбай, Алғабас ауылдарындағы бастауыш мектептер, сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп бар. Ал, Қорғалжын мектеп гимназиясы, А.Төлеубаев және Сабынды орта мектептерінің оқушылары қашықтықтан білім алатын болады», - дейді Қорғалжын аудандық білім бөлімінің басшысы Сәуле Омарова.

Аслан Оспанов.


Соңғы жаңалықтар