Қорғалжын жастары тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік үлестіруде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша «Аудан жастарынан - 21 игі іс» акциясы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорғалжын аудандық жастар ресурстық орталығының мәліметі бойынша, бұл жолы игі іс Арықты ауылында орын алды. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ағайынды Берік және Азамат Тұямашевтердің қайымдылық көмегінің арқасында Гүлмира Өмірбекованың отбасына бір айға жететін азық-түлік өнімдері жеткізілді.

Бұдан бөлек, Әсет Дангилов, Туғанбек Қомаров, Азамат Жақыпов, Абылайхан Зұлханов сияқты азаматтардың көмегімен 1-топтағы мүгедек Сәрсен Жоламановтың отбасы да қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, бұл азаматтардың демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты 2 отбасына азық-түлік жеткізілді.

«Қазіргі күні елімізде қайырымдылық шаралары көптеп өткізіліп жатыр. Бұл - аудан жастарының өткізіп отырған алғашқы шарасы емес. Осыған дейін де көптеген қайырымдылық істерді қолға алған болатынбыз. Біз үшін ең маңыздысы - үлкен кісілердің батасы мен тұрмысы төмен отбасылардың алғысын алу. Егер біз бір отбасыға болса да, кішкене қуаныш сыйлай алсақ, ол - біз үшін жетістік»,- дейді аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары.
null

Соңғы жаңалықтар