+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қорғалжын қорығында киік атқандардың ісіне екі қорықшының қатысы болған

2019 жылғы 5 қараша 09:35
Бөлісіңіз:
Қорғалжын қорығында киік атқандардың ісіне екі қорықшының қатысы болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғалжын қорығында 154 киікті атқандардың ісіне екі қорықшының қатысы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ғалымдар Жайық популяциясының 10 киігін спутник арқылы бақылайды Қорықшыларға қауіп төндіргендер 20 жылға дейін сотталуы мүмкін Браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі - Бас прокуратура

«Полицейлер браконьерлер тобының Қорғалжын қорығындағы 154 ақбөкенді ату әрекетіне қатысы барын дәлелдеді. Қылмыс наурыз айында тіркелген болатын. «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» РМҚК директорының полицияға хабарлағанындай, 17 наурызда қорық аумағының ішінде мүйізі кесілген 154 өлі ақбөкен табылды. Мемлекетке 1 млрд 435 млн-нан астам теңге шығын келтірілген», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ақбөкенді атуға қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабының 5-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды.

«Қылмысқа сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған аң түрлері мен ақбөкендерді қорғауға міндетті «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының қызметкерлерінің қатысы бары анықталды. Тергеу барысында кәсіпорынның екі қызметкері кедергісіз атуды ұйымдастырған және олардың екі танысы ақбөкендерді атқаны анықталды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жануарлардың мүйізін сатып алған адамды анықтады, ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Оның гаражынан Рессей Федерациясы аумағына контрабандалық жолмен тасымалдау және одан әрі ҚХР-ға сату үшін дайындалған, арамен кесіп алынған ақбөкендердің мүйізі табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.

Браконьерлерге ҚР ҚК-нің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT