Қорғалжын қорығында балық аулаған браконьерлер ұсталды
2020 жылғы 12 мамыр 02:31

Қорғалжын қорығында балық аулаған браконьерлер ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығында заңсыз балық аулағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 6 мамыр күні Қорғалжын аудандық табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері мен мемлекеттік табиғи қорықтың жұмысшылары қорық аумағында браконьерлердің заңсыз балық аулап жүргенін анықтады. Күдіктілер 39 және 51 жастағы жергілікті тұрғындар, моно ау арқылы балық аулаған. Олардан ауланған су жануарлары, қайық, ау тәркіленіп, келтірілген шығын көлемі анықталуда.

«Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді департаменттен.

Jańalyqtar

MURAǴAT