Қорғалжын қорығы аумағындағы көлден ұзындығы 1 км ау табылды

ҚОРҒАЛЖЫН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Қорғалжын мемлекеттік-табиғи қорығы аумағындағы Асаубалық көлінде ұзындығы 1,1 шақырым балық аулайтын ау құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 10 қаңтарда Қорғалжын аудандық ПБ-не аталған қорықтың инспекторы хабарласып, Асаубалық көлінде балық аулайтын ау құрылғанын айтқан.
«Айтылған көлге барған жедел-тергеу тобы ұзындығы 100 метр болатын балық аулайтын 11 ау тапты. Аудың жалпы ұзындығы 1100 метр. Ауға тұқы, алабұға, мөңке және табан түскен. Полиция хаттама толтырып, балықтардың барлығы табиғи ортаға жіберілді», - дейді ведомстводан.
ПД атап өткендей, қазіргі кезде, табиғатты қорғау полиция тарапынан ҚР ҚК 335-бабы (балық ресурстары, өзге де су жануралары мен өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Сенатор ГМО өнімдеріне тосқауыл қоюға қатысты ұсыныстар айтты
- Көкшетауда көшеден егде жастағы әйелдің денесі табылды
- «Фукусима-1» атом электр станциясында аса қауіпті радиациялық аумақ анықталды
- Ғаламшар тұрғындарының 60%-дан астамы климаттың өзгеруі адамзатқа қауіпті деп атады
-
«Smart Aqmola» базасында 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды
-
«Қазақстанның тұмса табиғаты» атты фотобайқау өткізіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам