Қорғалжын ауданының кіріс көлемі 39 млн. 931 мың теңгені құрады - Қ.Рыскелдинов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қорғалжын ауданының кіріс көлемі 39 миллион 931 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,1 пайызға жеткен.

Бұл туралы Қорғалжын ауданының әкімі Қайыр Рыскелдинов республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен ауданның 2014 жылдың алғашқы 4 айының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен алдағы жоспарлары жөніндегі баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, аудан бюджетінің кіріс бөлігін толтыру мақсатында ғимараттар (құрылыстар мен ғимараттар) астындағы жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ағымдағы жылдың 4 айы ішінде жер учаскелерін сатып алудан 773 мың теңге қаражат түсті. 2014 жылы жер сатудан бюджет кірісіне барлығы 14 млн. 5 мың теңге түсуі жоспарланған. Ал жалпы аудан бойынша 2014 жылдың бюджетінің кіріс бөлігі 1 млрд. 583 млн. 395 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде жергілікті бюджет түсімдері 148 млн. 36 мың теңге көлемінде болмақ.

«Ауданда бюджетке түсімнің қосымша резервтерін іздеу бойынша жұмыс тобы құрылған. Кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысшылардың еңбекақысын арттыру бойынша ғимаратты (құрылысты) нарықтағы бағасына дейін қайта бағалауға, жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді», - дейді Қ.Рыскелдинов.

Соңғы жаңалықтар