Қорғалжын ауданында 7,5 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында 7,5 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Бауыржан Ғайса өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Астананың іргесіндегі ауданның экономикасында өткен жылы оң өзгерістер байқалды. Аудан бюджеті 100 пайыз орындалды. Облыс бойынша аудан үшінші көрсеткішке қол жеткізді.

«Оның ішінде жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,5 миллиард теңгені құраса, құрылыс жұмыстарының көлемі 992,3 миллион теңгеге жетіп, 3498 шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы саласында 7,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді», - дейді Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы журналистермен өткен брифингте Қорғалжын ауданының Бауыржан Ғайса.

Брифингте айтылғандай, өткен жылы аудан диқандары әр гектардан 11,4 центнерден шыққанда 128,2 мың тонна астық жинады. Ауданда «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары шеңберінде мал шаруашылығын дамыту бойынша нақтылы жобалар қолға алынған. Мал шаруашылығын субсидиялау көлемі 61,1 миллион теңгені құрады. Нәтижесінде ірі қара саны 22,3 мың бас, қой мен ешкі 32,3 мың және жылқы 12,1 мыңға жетіп отыр.

Ауданда шағын және орта бизнес саласын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінуде. Өткен жылы ауданда барлығы 671 кәсіпкелік субъектісі тіркеліпті. Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жұмыстары да ойдағыдай жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар