Қорғалжын ауданына жаңа әкімі тағайындалды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мәлік Мырзалин Қорғалжын аудандық мəслихатының кезектен тыс 29-сессиясына қатысты. Сессияда аймақ басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауы негізінде Қорғалжын ауданының әкімі қызметіне Бауыржан Ғайсаны тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бауыржан Сейтқалиұлы Ғайса 1972 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Куйбышев ауданында туған. Челябі мемлекеттік аграрлық және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеттерін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшылықтан бастап, 1994-2005 жылдары жекеменшік саласында еңбек етті. Әр жылдары «Құсайынов және К» серіктестігінің , «Уақ» ғылыми-өндірістік бірлестігінің қаржылық директоры, бас директоры, «Достық МТС» серіктестігінің директоры болды.

null2013 жылы «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындалып, 2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды. Соңғы кезеңде Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болып қызмет істеді.

Соңғы жаңалықтар