Қорғалжын ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қорғалжын ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша Берік Амантайұлы Жанбаев Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды.

Берік Жанбаев 1968 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін және Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

1990-1999 жылдары Арқалық қаласының орта мектебінде тарих мұғалімі болып істеді, 1993-2000 жылдары жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың аппараттарында жауапты лауазымдар атқарды.

2000-2012 жылдары Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2014 жылдары Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Целиноград аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.

Осы тағайындауға дейін Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы лауазымында еңбек етті.

Соңғы жаңалықтар