Корейлер қауымдастығының төрағасы: өзіміз және жақындарымыз үшін төтенше жағдай талаптарын сақтайық

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі «Корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юлия Кунст халықты бірлікке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы оқиғалар елімізді орасан зор шығынға ұшыратты, халықтың тыныштығын бұзып, талай адамның өмірін қиды. Жалған белсенділер жұрт арасына іріткі салды. Бұл республикадағы бірқатар мәселенің бетін ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, демократия бұл – блогосферада заңсыз әрекеттерге итермелеу емес екенін есте сақтаған жөн», - деді Юлия Кунст.

Оның айтуынша, лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың жеке меншігі де бүлінген.

«Қаза болғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын. Президентіміз бұған кінәлілердің барлығы ең қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын айтты. Осы ретте, өзімізді және жақындарымызды қорғау үшін халықты сабырға, төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауға шақырамын», - деді ШҚО Достық үйі «Корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.


Соңғы жаңалықтар