Кореяның зерттеу институты қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның UST ғылыми-зерттеу институты қазақстандық студенттерге техникалық мамандықтар бойынша магистрлік және докторлық бағдарламаларға гранттар ұсынады. Бұл тураллы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.

UST ғылыми-зерттеу институты ретінде 2003 жылы құрылған және Оңтүстік Корея үкіметімен қаржыландырады. Университетте 1400-ден астам профессорлар жұмыс атқарады және 32 ғылыми-зерттеу институттары бар.

Университет қазақстандық студенттерге техникалық мамандықтар бойынша магистрлік және докторлық бағдарламаларға гранттар ұсынады.

Мамандықтар:

Жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар, биотехнология, нано-технологиялар, қоршаған ортаны қорғау технологиясы, ғарыштық технологиялар. Мамандықтардың толық тізімін келесі сілтемеден таба аласыз .

Онлайн өтініш беру үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз.

Құжаттарды тапсыру мерзімі:

Онлайн-система арқылы: 19–20 қыркүйек 2019 ж.

Почта арқылы құжаттар тапсыру: 11–16 қазан 2019 ж.


Соңғы жаңалықтар