Кореяның ұлттық университеті қазақстандық студенттерге 29 квота бөлді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кореяның Пусан ұлттық университеті биыл Қазақстан студенттеріне 29 квота бөлмекші, деп хабарлайда ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап.

Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл қазақстандық студенттергее 29 квота бөліп отырған аталмыш білім ордасы негізінен инженерлік мамандықтарға басымдық береді.

Университет ректоры Хо Хван Чуннның айтуынша, оқу орны шәкірттерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына көп көңіл бөледі.

«Пусан университеті Hyundai, Samsung сияқты ірі өндірістік холдингтер мен ұйымдарға арналған білім беру бағдарламаларын іске асырады. Дәл осындай бағдарламаларды қазақстандық студенттерге де арнап дайындай аламыз. Студенттеріңізді аса маңызды стратегиялық мамандықтарға баулмыз. Оған кететін шығынның бір бөлігін универсиет көтереді», - дейді Хо Хван Чун.

Кездесу барысында әріптесікті дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар