Кореяның танымал әншілері елордада өнер көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Корея елшілігі мен елордадағы корей мәдени орталығының қолдауымен «Qazaqstan»орталық концерт залында «Сәлем! K-Pop Festa» концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Концертке қазақстандық жастар арасында танымалдыққа ие K-Pop әртістері шақырылды. Шара K-Pop музыкалық жанры мен корей мәдениетінің артықшылықтарын насихаттайды.

Концерт басталар алдында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Ку Хонгсок сөз сөйлеп, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың кең қанат жайып келе жатқаны туралы айтты.

«Биылғы жылы Корея Республикасы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы мәдени алмасу жылын білдіретін алғашқы ресми іс-шараны өткізу өте маңызды деп санаймын», - деді Ку Хонгсок мырза.

Өз кезегінде сөз алған Дәурен Абаев Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени қарым-қатынас одан әрі дами беретіндігіне сенім білдірді және Қазақстанда K-Pop жанры өте танымал екенін тілге тиек етті.

Концертте өзінің тамаша вокалдық қабілетімен танымал әнші Бэк Джи Ен, Қазақстанда танымал корей сериалдарының саундтректерін орындаған, әйгілі корейлік VIVIZ әйелдер тобы, сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне келген K-Pop highlight тобы өз өнерлерін көрсетті.


Соңғы жаңалықтар