Кореяның Қазақстандағы Елшісі балаларды Наурыз мерекесімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы SOS балалар қалашығында Наурыз мерекесіне орай Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен арнайы шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараға Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ку Хонг-сок қатысып, балаларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз Қазақстандағы ең үлкен мереке. Осыған орай корей мәдениетін көрсететін арнайы бағдарлама әзірледік. Барлық балаларға бақыт пен жарқын болашақ тілейміз», - деді өз сөзінде Елші.

Мерекелік шарада дәстүрлі корей мәденитетінебайланысты шеберлік сабақтары өткізіліп, балалар арасында «чильгё-нори» сынды түрлі ойындар ұйымдастырылды.

Корей мәдени орталығы қалашықтағы балаларға футбол доптары, оқу құралдар мен кітаптар сыйға тартты.

Айта кетсек, елордадағы Корей мәдени орталығы 2015 жылдан бері SOS балалар қалашығында түрлі шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.

«Әлемде тараған коронавирусқа байланысты ұзақ уақыт шаралар онлайын форматта өткізіліп келді. Ал бүгін Наурыз мерекесін балалармен бірге ашық кездесіп мерекелеп жатырмыз. Алдағы уақытта балалар Корей мәдени орталығына келіп, біздің шараларымызға қатысатынына сенемін», - деді мәдени орталықтың директоры Ли Херан.


Соңғы жаңалықтар