+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Кореялық зертхана реагенттердің Қазақстанға неліктен жеткізілмей жатқанын түсіндірді

2020 жылғы 25 маусым 11:44
Бөлісіңіз:
Кореялық зертхана реагенттердің Қазақстанға неліктен жеткізілмей жатқанын түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Коронавирус тестілеуіне қажетті реагенттердің Оңтүстік Кореядан жеткізілуіне тағы 2 апта керек. Бұл туралы Medical Partners Korea Qazaqstan компаниясының басшысы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға сапарының видеосы Қазақстан мен Әзербайжан медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтты СҚО-да жедел жәрдем стансасының автопаркі 18 реанимобильмен толықты

«MPK Qazaqstan» ЖШС Оңтүстік Кореядан сапасы жоғары реагент жеткізумен айналысады.

«Компания бір ай бұрын тапсырыс беріп қойғанмен, жүкті алуға, сақтандыруға 2 апта уақыт кеткен. Оны жеткізуге тағы 2 апта уақыт кетеді.

Қазір Корея мен Қазақстан арасында аптасына 1-ақ рейс ұшады. «Air Astana» әуе компаниясы шұғыл медициналық жүкті жолаушылар жүгінің көптігіне байланысты түсіріп тастаған. Катар арқылы тікелей рейстер табылды. Бірақ, Доха әуежайындағы қызметкерлерінің 30%-ынан коронавирус табылған соң олар қазір жұмысқа шықпайды. Тапсырыс аптаның соңында жетсе, біз айдың соңынан бастап тестілеуді жаңарта аламыз», - деді Medical Partners Korea бас директоры Мин Хисук.

Ал «Air Astana» әуе компаниясы жүкті қалдырып кетуге байланысты түсінік берді.

«Жолаушылар рейсі Airbus A321neo авиалайнерімен ұшты. Бортта 142 жолаушы, 3732 келі жүк болды. Medical Partners Korea жүк тасымалы компаниясы медициналық жүк барын алдын ала ескерткен жоқ.

«Air Astana» жүктің медциналық маңызы барын білмегендіктен стандартты іс-шаралар жүргізген. Бұл ахуалдың күрделілігін ескере отырып, әуе компаниясы жақын арадағы рейсте Оңтүстік Кореядан жүкті жеткізіп беруге уәде етеді», - деді «Air Astana» өкілі коммуникациялар департаментінен.

Айта кету керек, Алматыда коронавирусқа тестілеуге қатысты қиындықтар өткен аптада басталған болатын.

Кейбір зертханаларда құрал-жабдықтар істен шықса, кейбірінде тестіге қажетті реагенттер тапшылығы туған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT