Кореялық туристерді Қазақстанда не қызықтырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Корея Респбликасынан Қазақстанға келетін туристердің саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан мен Корея арасында көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалады.

«Атап айтқанда, Қазақстанға Кореядан келетін туристердің саны 2018 жылы 15 пайыздық өсімді көрсетті (2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда). Нақтырақ айтқанда, былтыр ол мемлекеттен елімізге 35 135 адам келген. Қазақстаннан Кореяға баратын туристердің де саны артуда. Мәселен, 2018 жылы Қазақстаннан Кореяға 46 899 адам барған», - делінген компанияның хабарламасында.
null

Өткен жылы Корея Республикасы көшпелі туризмге 30,6 млн доллар ақша бөліп, туристік салаға жұмсаған бұл шығын бойынша әлемде тоғызыншы орыннан көрінген.

«Әр жылдың қыркүйек немесе қазан айларында Кореяда Чусок (Chuseok, ұзақтығы 3 күн) мерекесі тойланады. Ал қысқы уақытта каникулдар ол елде желтоқсан немесе қаңтар айына дөп келеді. Ай күнтізбесі бойынша Кореяда жаңа жыл ақпан айында аталып өтеді. Міне, дәл осы уақытта Кореядан шығатын туристердің саны артады», - делінген хабарламада.
null

Кореялықтар көбінесе Қазақстанның гольф-турларына қызығады екен. Себебі, гольф спорты ол елде айтарлықтай дамыған. Корея елінің азаматтары, сондай-ақ Шарын шатқалын, Көлсайды, Қайыңдыны көргісі келеді. Екіншіден, шаңғы тебуге де қызығушылықтары ерекше.

«6-9 маусым күндері Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы Сеулдегі SITIF 2019 (Seoul International Tourism Industry Fair 2019) көрмесінде отандық үш оператордың көмегімен қазақстандық стендті паш етті. Қазақстандық стенд қонақтары құрттан коктейль әзірлеуді үйренеді. Сонымен бірге, қазақстандық туроператорлар әлеуетті клиенттермен В2В кездесулерін өткізуде», - деп хабарлады ұлттық компаниядан.
null

Биыл Сеул қаласы мен Korea World Travel Fair компаниясының әкімшілігі бірлесе отырып Seoul International Tourism Industry Fair көрмесін өткізіп жатыр. Көрмеге әлемнің 50 елінен 1400-ге тарта ұйым мен туристік компаниялардың өкілдері қатысуда.

null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар