Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Кореялық телеарна Денис Тен туралы фильм көрсетеді

2018 жылғы 6 ақпан 14:50 166
Бөлісіңіз:
Кореялық телеарна Денис Тен туралы фильм көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы деректі фильм фрагменті пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Бублик Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады «Сарыарқа» ЖХЛ-дың екінші финалдық матчында жеңіске жетті

Өзі туралы биографиялық фильмінің фрагментін танымал мәнерлеп сырғанаушы Instagram желісінде жариялады. Видео корей тілінде ағылшын субтитрімен берілген.

Деректі фильмде спортшының жарақат алғаны, жетістікке жету жолында қандай қиындықтардан өткені баяндалады. Оның дәрігері Денистің ауырды деп ешқашан налымағанын айтады.

Фильмнің толық нұсқасы сейсенбі күні Астана уақытымен 16:35-те оңтүстіккореялық KBS1 арнасында көрсетіледі. Ретрансляция ақпанның 11-інен 12-сіне қараған түні 21:40-та KBS2 телеарнасында болады деп күтілуде.

Айта кетейік, Қазақстандық Денис Тен 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 және 2015 жылдары мәнерлеп сырғанау бойынша Әлем чемпионатының күміс медалін алған. 2015 жылы Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетіп, VII қысқы Азиада ойындарының чемпионы атанды. 2017 жылы өткен Қысқы Универсиаданың жеңімпазы.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT