Кореяда зауыт ғимаратындағы алапат өртті кешеден бері сөндіре алмай жатыр

None
None
УЛЬСАН. YONHAP-ҚазАқпарат – Өрт сөндірушілер Кореяның оңтүстік-шығысындағы Ульсан қаласында жексенбі күні синтетикалық талшық шығаратын зауыттан шыққан өртті сөндірумен айналысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Ульсан өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт сағат 18:55-те Hyosung TNC Corp. біріккен жеті қабатты зауыттан шығып, оны 11 сағаттан бері сөндіре алмаған.

От тұтанған кезде сөндірмек болған зауыттың екі жұмысшысы, уланып ауруханаға түсті.

Өрт бірінші қабаттан шығып, жоғары қабаттарға және жанындағы қоймаға тараған, дейді өрт сөндірушілер.

Ульсан өрт сөндіру қызметі көрші Пусан қаласы мен Кёнсан провинциясының өрт сөндіру органдарымен бірігіп, жалпы 650 өрт сөндірушіні, 80 машина мен жүк көлігін тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырды.


Соңғы жаңалықтар