Кореяда сөйлейтін піл табылды

None
None
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Ғалымдар Оңтүстік Кореядағы хайуанаттар бағында адамша сөйлеудің дыбыстарын келтіре алатын пілді тапты.

 Йонъин қаласындағы «Эверленд» мекемесінде тұратын Кошик есімді жануар «сәлем», «жақсы», «жат», «жоқ» және «отыр» сөздерін айта алады, деп хабарлайды Sky News .

Вена университетінің зерттеушілері осындай жаңалыққа ерекше таңқалды. Олар жануардың  айтып отырған сөздерін түсінбейтінін, бірақ оның осыған қабілеттілігі тек жануардың ғана емес, адамдардың да сөйлеу дамуын зерттеу бағытын түбегейлі өзгерте алатынын атап өтеді.

Жануар мүмкін хайуанаттар бағының қызметкерлерін естіп, «сөйлеген»  болар. Яғни, Кошиктің сөздері пілді қараушылардың сөздерін қайталауға ұқсайды. Кошик туралы жаңалық бүкіл елге тарап кетті.

Соңғы жаңалықтар