Кореяда кемеде болған өрт: 11 адам із-түссіз жоғалды

None
None
ЧЕДЖУДО. Yonhap-ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Чеджудо аралы жағалауының батыс жағында балық аулайтын кемеде болған өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, 11 адам жоғалып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеме бортында12 экипаж мүшесі болған. Өрт таңға жуық Чеджудо аралы жағалауынан батысқа қарай 80 км жерде болған. Айта кетейік, кемедегі құрамның алтауы Оңтүстік Корея азаматы болса, алтауы - вьетнамдық.

Жоғалған қызметкерлерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин құтқару операциясына қолдан келген барлық мүмкіндікті жасауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар