+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Кореяда екі қазақстандық төбелесіп, біреуі көз жұмды – СІМ

2021 жылғы 18 қазан 17:41
Бөлісіңіз:
Кореяда екі қазақстандық төбелесіп, біреуі көз жұмды – СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Корея республикасының Чонджоу қаласында екі қазақстандық азамат өзара жанжалдасып, оның салдарынан біреуі мерт болды.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда әйелін өртеп жіберген ер адам 8 жылға сотталды

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«2021 жылғы 12 қазанда Чонджу қаласында (Корея Республикасы) Қазақстанның екі азаматы арасында болған тұрмыстық жанжалдың салдарынан біреуі пышақ жарақатын алып, соңынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта кісі өлтірді деген күдікті Қазақстан азаматы тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. Сеулдегі ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның денесін Қазақстанға жіберу мәселесін шешіп жатыр», - деп мәлім етті Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, аталған қазақстандық азаматтар Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT