Кореяда COVID-19 жұқтырудың тәуліктік саны бойынша антирекорд орнатылды

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Корея Республикасында 17 қарашада тәулігінде коронавирус инфекциясына шалдығудың 3 290 жаңа оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – елде өткен жылдың қаңтар айында вирусқа шалдыққан бірінші науқас тіркелгеннен бері ауыр дертке ұшырағандардың ең жоғары саны, деп мәәлімдеді Кореяның ауруларды қадағалау және алдын алу басқармасынан.

Бұған дейінгі антирекорд – 3 270 адам биылғы жылдың 25 қыркүйегінде тіркелген. Вирусқа шалдыққандар саны 1 қарашада елде көптеген шектеулер алынып, халық бұрынғы өмір салтына өткеннен кейін өскен.

Қауіпті вирусқа ұшырағандардың ең көп саны – 78 пайызы Сеул, Инчхон және Кёнгидо провинциясында. Пандемия басталғалы Оңтүстік Кореяда ауруға шалдыққандардың жалпы саны 406 065 адамға жеткен. Ауыр және өте ауыр халде жатқан пациенттер саны – 506, тәулік ішінде COVID-19 вирусынан болған асқынудан 29 адам көз жұмды.

Биылғы жылдың ақпан айынан бері елде вакциналау басталғалы елдегі халықтың 81,2 пайызына екпенің бірінші дозасы салынды, тұрғындардың тағы 77,8 пайызы толық вакциналанған.


Соңғы жаңалықтар