Кореяда COVID-19 жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді

Фото: None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтыру жағдайлары рекордтық 8 751-ге жетті, бұл омикрон штамының тез таралуымен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) деректеріне сай, сейсенбі күні вирус жұқтырғандар қатары 8 356 жергілікті жұқтыру жағдайын қосқанда, 749 979-ға жетті.

Кореяда 2020 жылдың 20 қаңтары вирус анықталғаннан бері бірінші рет бір тәулікте жұқтыру жағдайлары 8 000-нан асып отыр.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 6 588-ге жетті, дүйсенбі күні бұл көрсеткіш 23-ке кем болған.

Шенеуніктер омикрон штамының қазіргі таралу қарқынын ескере отырып, келесі айда жұқтыру жағдайлары күніне 30 000-нан асуы мүмкін дейді.

Медициналық сарапшылар жұқтыру жағдайларының геометриялық прогрессияда өсіп, ақпан айының басында күніне 20 000-ға жетіп, жақын күндері 100 000-ға дейін көбеюі мүмкін екенін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар