Кореяда бір күнде 170 мың адамнан коронавирус анықталып, жаңа антирекорд тіркелді

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, сәрсенбі күні 170 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) деректеріне сай, елде 171 452 адам вирус жұқтырған, олардың ішінде 171 271 жағдай – жергілікті. Осылайша, коронавирусқа шалдыққандар саны 2 329 182-ге жетті.

Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 99 572 болған, жексенбі күні тіркелген рекорд бойынша, 104 814 адамнан вирус анықталған.

Оңтүстік Кореяда өткен айдың аяғында омикрон штамын жұқтыру жағдайлары күрт көбейді. Жаңа антирекордтың себебі де осы.

COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 7 607-ге жетті, бұл сейсенбі күнгі көрсеткіштен 99-ға көп. Қазіргі кезде Оңтүстік Корея – тәуліктік өлім саны бойынша төртінші орында.

Денсаулық сақтау органдарының мәлімдеуінше, келесі айдың басында «омикрон» толқыны шыңына жетіп, тәулігіне 270 мың адамнан вирус анықталмақ. Сарапшылардың болжауынша, ол кезге дейін ауыр жағдайлар саны 1 мыңнан асатын болады.


Соңғы жаңалықтар