USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Кореяда 34 жылда алғаш рет 30 жастағы ана бірден бес баланы дүниеге әкелді

2021 жылғы 19 қараша 12:40
Бөлісіңіз:
Кореяда 34 жылда алғаш рет 30 жастағы ана бірден бес баланы дүниеге әкелді

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда 34 жылдан кейін алғаш рет дені сау бес бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ажар Ғиният вакцинация деңгейі төмен өңірлерді атады Елімізде 60 мың пациентке жететін дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар  - ДСМ Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

30 жастағы әйел бір жүктілік уақытында Сеул ұлттық университетінің ауруханасында босанған. Бейсенбінің кешінде дүниеге төрт ұл бала мен бір қыз келді.

Аурухана мәліметінше, әйел кесар тілігі көмегімен босанды. Босану процесіне профессор Джун Чен Кванның басшылығымен 30-дан астам медициналық қызметкер қатысты.

Елде соңғы рет бірден бес баланың дүниеге келу фактісі сонау 1987 жылы тіркелген. Көпұрықты басқа балалар сияқты, бұл бес нәрестенің салмағы жеңіл болғанымен, денсаулығы жақсы.

Шақалақтардың ата-анасының екеуі де 30 жаста, олар 17-ші армиялық дивизияның капитандары. 2018 жылы отау құрған. Анасы жасанды ұрықтандыру жолымен жүкті болған.

«Менің жұбайым шынымен де бақытты, себебі ол егіз болғанын қалаған еді», - дейді бақытты ана.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT