Корея сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 мамыр мен 1 маусым аралығында Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді. Сапар барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты келіссөздері жоспарланған», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингте.

Айбек Смадияровтың атап өтуінше, тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің, оның ішінде саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл салаларындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.

«Халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында екі елдің ынтымақтастығы бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр. Сапар аясында корей министрінің мемлекет басшылығымен кездесуі жоспарланған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар