Корея Республикасының Қазақстандағы әскери атташесі өзгерді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов пен Кореяның Қазақстандағы әскери атташесі Сонг Тэгук кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Сонг Тэгук өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Корея Республикасының Қазақстандағы жаңа әскери атташесі Ким Джонг Хені таныстырды.

«С.Тэгук Қазақстан Республикасында әскери атташе қызметін 2019 жылдың ақпан айынан атқарды. Осы кезеңде тараптар әскери ынтымақтастықты дамытуда, оның ішінде әскери білім беру саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді», - делінген министрлік хабарламасында.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар