Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Корея Президенті Қазақстанға сапармен келеді

2019 жылғы 8 сәуір 16:28 1562
Бөлісіңіз:
Корея Президенті Қазақстанға сапармен келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин  Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азияға сапары аясында 21-23 сәуір күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, Корея Президенті сапар аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық, сауда-саттық, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және корей түбегіндегі ахуал қозғалады.

«Мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр. Оның ішінде Сотталған адамдарды беру туралы шарт пен жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтитын сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету бойынша жол картасы «Самал жел» жаңартылған ынтымақтастық бағдарламасы кіреді», - деді ол.

Сонымен қатар, А.Смадияров Корея басшысының сапарына ұштастырылатын екі елдің іскер топтарының 300-ге жуық өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Оңтүстік Корея инвестициялық форумы ұйымдастырылатынын айтты. Оның барысында өнеркәсіп, цифрландыру, инфрақұрылым және медицина салалардағы Қазақстан-Корея бірлескен инвестициялық жобалар мен бастамалар көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Мұнан бөлек, корей басшысы Алматы қаласына баруды жоспарлап отыр. Онда Оңтүстік Кореяның басшысы Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдерімен кездесіп, олардың еліміздегі өмірімен танысады.

«Нұр-Сұлтан мен Сеул стратегиялық әріптестер және тығыз экономикалық байланыстарға ие болғандығын атап өткен жөн. Бұл тұрғыда Оңтүстік Корея басшысының Қазақстанға сапары стратегиялық диалогты одан әрі дамытуға тараптардың өзара ниетін растау болып табылады», - деді ресми өкіл.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT