Корея Қазақстанның жақын досы ретінде COVID-19 аяқталғанша бірге болады – Елші Ку Хонг-сок

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінде KOICA түлектер қауымдастығынан COVID-19-ға қарсы күрес үшін қайырымдылық көмек тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты рәсімге Кореяның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, KOICA бағдарламасы бойынша Корей ЖОО-ларының қазақстандық түлектер қауымдастығының президенті Гүлдана Садықова Тілегенқызы және басқа да түлектер қатысты.

Елші Ку Хонг-сок пен KOICA түлектер қауымдастығы 1 700 000 теңге (4 000 АҚШ доллары) көлемінде эпидемиолог-дәрігерлердің қызметіне қажетті ноутбук және планшеттер тарту етті. Бұл көмек Қазақстанның бүкіл аумағында орналасқан эпидемиолог-дәрігер тобының филиалдарына берілетін болады.

«Эпидемиолог-дәрігер тобымен бірге медициналық қызметкерлер мен еріктілерді COVID-19 дағдарысын еңсеруде басты рөл атқарған қаһарман деп айтуға болады. Соңғы уақытта Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны азайып келеді, ол үшін күш салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне алғыс бідіремін. Бұл жолы елшіліктен берілетін ноутбук сияқты керек-жарақтар қазір бүкіл елде жүргізіліп жатқан вақциналау науқаның тиімді басқаруға ықпал етеді деп үміттенемін. Кореяда халықтың 70%-дан астамына вақцина егілді және адамдар жұқпалы аурумен қатар өмір сүріп, күнделікті өміріне қайта оралатын «with Corona» дәуірі басталды. Елшілік осы айда Кореяның ұлттық мерекелік шарасын және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Корея мәдени фестивалін оффлайн өткізіп, күнделікті өмірге оралуға жетекшілік етіп жатыр. Корея Қазақстанның ең жақын досы ретінде COVID-19 аяқталғанша бірге болады», - деді елші Ку Хонг-сок.

Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова қиын кезеңде Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек пен рухани қолдау көрсеткенін атап өтті және COVID-19 вирусымен күресу үшін алдыңғы шепте күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлерге көрсетілген қолдау үшін алғыс айтты.

«Елшіліктің қолдауымен KOICA түлектер қауымдастығы биыл екінші рет қайырымдылық көмекті тапсырып жатыр. Бұл заттар Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы эпидемиолог-дәрігерге жекізіледі», - деді KOICA түлектері қауымдастығының президенті Гүлдана Садықова.


Соңғы жаңалықтар