Корей түбегіндегі жағдай қысқы Олимпиаданы өткізуге кедергі келтірмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бахтың мәлімдеуінше, Корей түбегіндегі жағдайдың шиеленісуі 2018 жылдың ақпан айында Оңтүстік Кореядағы Пхенчхан қаласында қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ешқандай кедергі келтірмейді. Бұл туралы Бах Лимадағы ХОК сессиясынан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ТАСС.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні алтыншы рет ядролық сынақ өткізген КХДР-ге қарсы санкцияны күшейту туралы резолюцияны қабылдады.

«КХДР мен басқа елдер арасындағы туындаған шиеленіс салдарынан халықаралық ойындарды өткізуге әзірге қандай да бір қаупі төніп тұрған жоқ», - деді Бах.

Сондай-ақ, ол шиеленісті дипломатиялық жолмен шешілетініне үміттенетінін жеткізді.

«Ойындар барлық ұлттық Олимпиада комитеттері, оның ішінде КХДР спортшылары үшін әрқашан ашық. Біз жарыстарға қатысып жүрген КХДР атлеттерін бақылап отырмыз, оларға, қажет болған жағдайда, қолдау көрсетуге әзірміз», - деді ХОК басшысы.

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында Пхенчхан қаласында өттек. 

Соңғы жаңалықтар