Корей суретшісінің тамшы бейнеленген картинасы аукционда 1,3 млн долларға сатылды

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореялық суретші Ким Чан Юльдің картинасы 1,4 миллиард воннан аса (1,3 миллион АҚШ доллары) бағаға сатылды. Марқұм суретші (1929-2021) үшін бұл рекорд болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Christie's Korea-ның дерегінше, Кимнің фирмалық суреттерінің бірі (1978 жылы салынған) тамшы бейнеленген «CSH I» Ганкогта осы аптада өткен аукционда 9,85 миллион гонконг долларына сатылған.

Сома сауданың болжалды бағасынан 700-ден 870 миллион вонға дейін асып тұр.

Суретшінің тамшылар сериясына деген сұраныс ол қайтыс болғаннан кейін осы жылдың басында күрт өсті. 1977 жылғы дана үшін алдыңғы рекорд 1 миллион вон болған. Ол Seoul Auction ақпан айында өткен аукционында сатылды.

Ол алғаш рет су тамшылары бейнеленген картинасын Парижде 1972 жылы ұсынды, артынша бұл картина суретшінің визит карточкасына айналды.


Соңғы жаңалықтар